Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

47-бап. Өткiзу актiсi және бөлу балансы

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе бiрiктiрiлген кезде - өткiзу актiсiне сәйкес, бөлiнген және бөлiп шығарылған жағдайда - бөлу балансына сәйкес ауысады. Өткiзу актiсi мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушiлерi мен борышқорларына қатысты, барлық мiндеттемелерi бойынша, соның iшiнде тараптар дауласқан мiндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиiс.
2. Өткiзу актiсi мен бөлу балансын заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi және құрылтай құжаттарымен бiрге жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тiркеуге немесе нақтылы бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзу үшiн олар құрылтай құжаттарымен бiрге тапсырылады. Құрылтай құжаттарымен бiрге тиiстi өткiзу актiсiнiң немесе бөлу балансының тапсырылмауы, сондай-ақ оларда қайта құрылған заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша құқықты мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады.
3. Егер заңдарда немесе қайта құру туралы шешiмде өзгеше көзделмесе, мүлiк (құқықтар мен мiндеттер) құқықты мирасқорына ол тiркелген кезден бастап ауысады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-47/