Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
53-бап. Банкрот деп тану
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Банкроттық ерiктi түрде немесе мәжбүр ету тәртiбiмен танылуы мүмкiн.
2. Банкроттықты ерiктi түрде тану борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Мәжбүр ету тәртiбiмен банкрот деп тану несие берушiнiң, ал заңдарда белгіленеді көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiш беруi негiзiнде жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-53/