Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

61-бап. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың:
1) құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен шаруашылық серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысуға;
2) шаруашылық серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен оның құжаттамаларымен танысуға;
3) таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бiр немесе бiрнеше қатысушыны таза табысты бөлiсуге қатысудан шеттетудi көздейтiн талаптары маңызсыз болады;
4) шаруашылық серiктестiк таратылған жағдайда несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға;
5) алып тасталды – ҚР 1998.03.02. № 211 Заңымен. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың заңдарда және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
2. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылар:
1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
2) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер және мерзiмдер бойынша салып отыруға;
3) шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi. Шаруашылық серiктестiктiң қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттердi атқаруы мүмкiн.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-61/