Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
78-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталы
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
Жарғылық капиталдың мөлшерiн жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) айқындайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серiктестiк нысанында құрылған, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi Қазақстан Республикасының
микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасында айқындалады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған төлем ұйымдарының жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-78/