Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
87-бап. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады.
Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған мәлiметтер болуға тиiс.
Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырылуға жатады.
2. Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады.
3. Акционерлiк қоғамның жарғысын бекiту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-87/