Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

92-бап. Акционерлiк қоғамды басқару

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.
2. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретi заң актiлерiмен белгiленедi.
3. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi акционерлiк қоғамның өзге органдарына беруге болмайды.
4. Акционерлiк қоғамда директорлар кеңесi құрылады, осы Кодексте, заңдарда белгіленеді және акционерлiк қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi қоспағанда, ол қоғамның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Осы Кодексте, заңдарда белгіленеді және акционерлiк қоғамның жарғысында директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi акционерлiк қоғамның атқарушы органының шешуiне беруге болмайды.
5. Акционерлiк қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкiн. Ол акционерлiк қоғам қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесi мен акционерлердiң жалпы жиналысына есеп бередi. Қоғам басқа да органдарының заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен белгiленген ерекше құзыретiне кiрмейтiн барлық мәселелердi шешу акционерлiк қоғамның атқарушы органының құзыретiне жатады.
6. Акционерлiк қоғамда заңдарға сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкiн.
6-1. Акционерлік қоғам банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
7. Акционерлiк қоғам органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау және қоғам атынан әрекет жасау тәртiбi осы Кодекске, заңдарға және құрылтай құжаттарына сәйкес белгiленедi.
8. Алып тасталды - ҚР 2003.05.16 № 416 Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-92/