Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

96-бап. Өндiрiстiк кооператив туралы жалпы ережелер

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.
2. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс.
3. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады.
4. Өндiрiстiк кооперативтiң және оның мүшелерiнiң құқықтық жағдайы осы Кодекске, заңдарға сәйкес белгiленедi.
5. "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, өндірістік кооператив нысанында құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативінің құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерінің құқықтық жағдайы, құқықтары мен міндеттері осы кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-96/