Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

103-бап. Мемлекеттік баж

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босату немесе оны төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру негіздері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады. Мемлекеттік бажды бюджетке төлеу төлем құжаттарымен немесе кассалық құжаттармен, ал төлемдерді банкоматтар, электрондық терминалдар, қашықтықтан байланысу және "цифрлық үкімет" төлем шлюзі арналары арқылы төлеген кезде қағаз жеткізгіштерде немесе электрондық түрде чектермен және түбіртектермен расталуға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-103/