Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
11-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды.
2. Талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында мүлікке тыйым салу осы Кодексте көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізілуі мүмкін.
3. Меншік иесі болып табылатын субъектінің активтеріне тыйым салуды қолдану түріндегі алдын ала қамтамасыз ету шаралары «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-11/