Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

114-бап. Уақыт ысырабынан келтірілген залалдарды өндіріп алу

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Іске қатысатын адамның арызы бойынша, көрінеу теріс пиғылымен негізсіз талап қою берген немесе негізделген талап қоюға қарсы дауласқан (адам білген не білуге тиіс болған) не істің дұрыс әрі тез қаралуына және шешілуіне үнемі қарсы әрекет жасаған тараптан сот іске қатысатын екінші адамның пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген залалдар үшін өтемақыны өндіріп алуы мүмкін.
2. Залалдар мөлшерін нақты мән-жайларды ескере отырып, оның ішінде тиісті еңбекақы төлеудің осы жерде қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып, сот белгілейді.
3. Тараптан залалдарды өндіріп алу туралы уәжді арыз істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін беріледі және сот оны негізгі талаппен бір мезгілде қарайды. Залалдарды өндіріп алу туралы арызға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Cалық кодексі) белгіленген тәртіппен мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-114/