Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

128-бап. Соттың шақыру қағазының немесе өзге де хабарлаудың, шақырудың мазмұны

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Соттың шақыру қағазында немесе өзге де хабарлауда, шақыруда:
1) хабарланатын немесе сотқа шақырылатын адамды (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландырылатын құжатта көрсетілсе) және адамның тұрғылықты жерін не заңды тұлғаның атауы мен оның орналасқан жерін) көрсету;
2) соттың атауы мен мекенжайы;
3) сотқа келетін жері мен уақытын көрсету;
4) адресат хабарланатын немесе шақыртылатын істің атауы;
5) адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;
6) іске қатысатын адамдарға дәлелдемелерді осы Кодекстің талаптарына сәйкес ұсынбаудың салдарын көрсетіп, іс бойынша оларда бар барлық дәлелдемелерді табыс етуді ұсыну;
7) осы Кодекстің 46-бабында көзделген құқықтар мен міндеттерді көрсету;
8) адресаттың болмауына байланысты шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды қабылдаған адамның оны алғашқы мүмкіндік болған кезде адресатқа тапсыруға міндеттілігін көрсету;
9) хабарландырылатын немесе шақырылатын адамның сотқа келмей қалу салдарын және келмеу себебін сотқа хабарлауға оның міндетті екендігін көрсету;
10) шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны, шақыруды жіберген адамның қойған қолы қамтылуға тиіс.
2. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарда:
1) хабарландырылатын немесе сотқа шақырылатын адамды (хабарлау жіберілетін адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауын) көрсету;
2) соттың атауы мен мекенжайы;
3) келетін жері мен уақытын көрсету;
4) адресат хабарландырылып немесе шақыртылып отырған істің қысқаша атауы;
5) адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақыртылып отырғандығын көрсету;
6) хабар жіберген адамның тегі мен аты қамтылуға тиіс. Хабардың жіберілгендігін растайтын құжат іс материалдарына қоса тіркеледі.
2-1. Хабарлау немесе шақыру туралы телефонограмманы берген адам оны өзінің қолтаңбасымен және оның кімге және қашан берілгендігін көрсетіп, куәландыруға тиіс. Телефонограмманың жіберілгенін растайтын құжат іс материалдарына қоса тіркеледі.
3. Хабарламаны алған тараптар, жабық сот отырысында қарауға жататын істерді қоспағанда, талап қоюмен және оған қоса берілетін материалдармен соттың ресми интернет-ресурсы арқылы танысуға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-128/