Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

13-бап. Жұрттың бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі негізінде жүзеге асырылады.
2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында: Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың ешқайсысына артықшылық берілмейді, олардың ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кемсітуге болмайды; заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың бірде-бірін орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына байланысты және басқа да мән-жайлар бойынша кемсітуге болмайды.
3. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қарсы иммунитеті бар тұлғаларға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-13/