Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
137-бап. Мемлекеттік баж
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Сот бұйрығын беру туралы арыз үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж төленеді.
2. Арызды қабылдаудан бас тартылған кезде талап қоюшы төлеген мемлекеттік баж қайтарылады.
3. Талап қоюшы төлеген мемлекеттік баж сот бұйрығының күші жойылған кезде қайтарылмайды. Талап қоюшы жауапкерге талап қою ісін жүргізу тәртібімен талап қойған кезде ол төленуге жататын мемлекеттік баж есебіне есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-137/