Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

143-бап. Талап қоюшыға сот бұйрығын беру және оны орындауға жіберу

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Егер белгіленген мерзімде сотқа жауапкерден қарсылық келіп түспесе, сот бұйрығы талап қоюшыға орындауға ұсыну үшін беріледі немесе оның арызы бойынша сот аумаққа жатқызылуына қарай тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындауға жібереді.
2. Талап қоюшының өтініші бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабына сәйкес дереу орындалуға жататын талаптар бойынша сот бұйрығын сот орындауға тікелей жібереді
3. Жауапкерден мемлекеттік бажды тиісті бюджеттің кірісіне өндіріп алу үшін сот бұйрығының жекелеген данасын сот аумаққа жатқызылуына қарай тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тікелей жібереді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-143/