Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
149-бап. Талап қоюға қоса берілетін құжаттар
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Талап қоюға:
1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қоюдың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері;
2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат не «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген негіздер бойынша мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы өтінішхат;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
4) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;
5) дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар, егер осы тәртіп заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе;
5-1) тараптың (тараптардың) татуласуға бағытталған әрекеттерді жасағанын растайтын құжаттар, егер мұндай әрекеттер жасалған болса;
5-2) прокурордың міндетті түрде келіскені туралы мәліметтер, егер инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын талап қоюды мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, олардың лауазымды адамдары және оларға теңестірілген адамдары берсе;
6) егер дәлелдеме жауапкерде немесе үшінші тұлғада болса, талап қоюшының дәлелдемелерді талап ету туралы өтінішхаты;
7) егер талап қоюды заңды тұлға берсе, жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
1-1. Осы Кодекстің 27-бабының 1-2-бөлігінде көзделген тәртіппен берілетін талап қоюға:
1) инвестор мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жасалған инвестициялық келісімшарттың көшірмелері;
2) инвестордың инвестициялық қызметін растайтын құжаттар қоса беріледі.
2. Электрондық құжат нысанында берілетін талап қоюға осы баптың бірінші бөлігінің 2) - 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-149/