Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

171-бап. Жауапкердің талап қоюды мойындауы

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Жауапкер сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюды толық немесе оның бір бөлігін мойындауға құқылы.
2. Жауапкердің талап қоюды мойындауы сотты дәлелдемелерді зерттеу міндетінен босатады. Талап қоюдың бөлігі мойындалған жағдайда дәлелдемелерді зерттеу жауапкердің талап қоюды мойындамаған бөлігінде ғана жүргізіледі.
3. Сот талап қоюды мойындау қабылданғанға дейін талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті процестік әрекеттердің салдарын түсіндіреді.
4. Жауапкердің осы Кодекстің 48-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша талап қоюды толықтай немесе оның бір бөлігін мойындауын қабылдау туралы не осындай мойындауды қабылдамауы туралы сот шешімінде немесе қаулысында көрсетіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-171/