Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

187-1-бап. Сот отырысында техникалық құралдарды пайдалану

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар осы Кодексте көзделген тәртіппен, сот талқылауы барысында материалдық және цифрлық ақпарат жеткізгіштері бар техникалық құралдарды істі қарау барысында туындаған мәселелер бойынша қажетті ақпарат алу, цифрлық және құқықтық жүйелерге, интернет-ресурстарға қолжетімділік алу, тиісті түрде хабарланғанын және іс үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау, сондай-ақ сот отырысының барысын жазып алу үшін пайдалануға құқылы.
2. Осы Кодексте белгіленген техникалық құралдарды пайдалану тәртібін сақтамау алынған деректерді пайдалану мүмкіндігін болғызбайды және кінәлі адамды жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады.
3. Сот талқылауы барысының аудио-, бейнежазбасы, кино- және фототүсірілімі осы Кодекстің 19-бабы жетінші бөлігінің қағидалары бойынша жүзеге асырылады, олардың сақталмауы кейіннен оларды пайдалану мен тарату мүмкіндігін болғызбайды және кінәлі адамды сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-187-1/