Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

190-бап. Процеске қатысушылардың келуiн тексеру

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Сот отырысының хатшысы сотқа осы iс бойынша шақырылған адамдардан кiмнiң келгенiн, олардың қайсысы техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатысатынын, келмеген адамдарға хабар берiлгенін не берiлмегенiн және олардың келмеу себептерi туралы қандай мәлiметтердiң бар екенiн баяндайды.
2. Төрағалық етушi осы Кодексте белгіленген, техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы, сот процесіне қатысу ерекшеліктерін ескере отырып, келгендердiң жеке басын анықтайды, сондай-ақ өкiлдердiң өкiлеттiктерiн тексередi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-190/