Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

200-бап. Сарапшы мен маманға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

Төрағалық етушi сарапшыға оның процестік құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, сарапшыға көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертедi, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тiркеледi. Маманға оның қажетті процестік әрекеттерді орындауда сотқа жәрдем көрсетудің процестік құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-200/