Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

202-бап. Iске қатысатын тұлғалардың түсiнiктемелерi және дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшiншi тұлғаның, олардың өкілдерінің, сондай-ақ жауапкердiң және оның тарапынан қатысатын үшiншi тұлғаның, олардың өкілдерінің түсiнiктемелерiн тыңдайды. Осы Кодекстің 54-бабының үшінші бөлігіне және 55-бабына сәйкес талап қоюшының мүдделері үшін талап қойған тұлғалар істің мән-жайлары бойынша түсініктемелер береді және дәлелдемелерді бірінші болып ұсынады. Іске қатысатын адамдар төрағалық етуші белгілейтін тәртіппен және кезектілікпен бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы. Қойылатын сұрақтардың санына шектеу болмайды, бірақ төрағалық етуші талап қоюшының талаптары мен жауапкердің қарсылығы негізделген даудың нысанасы мен мән-жайларға қатысы жоқ сұрақтарды алып тастауға құқылы.
2. Іске қатысатын, дәлелді себептермен сот отырысына келмеген тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін, сондай-ақ осы Кодекстің 69, 71, 74, 75-баптарында көзделген тәртіппен алынған дәлелдемелерді төрағалық етуші жария етеді және олар сот отырысында зерттеледі.
2-1. Сот іске қатысатын адамдарға тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздеу фактілері туралы мәліметтер алу, сондай-ақ істің толық және уақтылы шешілуі үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау үшін сұрақтар қоюға құқылы.
3. Сот іске қатысатын адамдардың түсініктемелерін тыңдап, олардың пікірлерін ескере отырып, өзге де дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілейді.
4. Сот іске қатысатын адамдардың түсініктемелерін техникалық байланыс құралдарының көмегімен алуы, ал дәлелдемелерді зерттеуі мүмкін. Сот тапсырмасы бойынша дәлелдемелерді зерттеуді осы адамдардың немесе дәлелдемелердің тұрған жері бойынша сот жүзеге асырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-202/