Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

21-бап. Сот актілерінің міндеттілігі

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Бірінші сатыдағы сот азаматтық істер бойынша сот актілерін сот бұйрықтары, шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары нысанында қабылдайды. Апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар сот актілерін ұйғарымдар мен қаулылар нысанында қабылдайды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерін қаулы нысанында қабылдайды.
2. Заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге, оның жекелеген ережелеріне негізделген сот актілері орындалуға жатпайды.
3. Сот актілерін орындамау, сол сияқты сотты құрметтемеудің өзге де көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-21/