Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
210-бап. Заттай дәлелдемелердi зерттеу
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Сот заттай дәлелдемелердi қарайды және олар iске қатысатын тұлғаларға, өкiлдерге, ал қажет болған жағдайларда – сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетiледi. Заттай дәлелдемелер ұсынылған тұлғалар қарап-тексеруге байланысты мән-жайларға сот назарын аудара алады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.
2. Осы Кодекстiң 71, 75, 96, 97-баптарында және 165-бабының 12) тармақшасында көзделген тәртiппен жасалған заттай дәлелдемелердi қарап тексеру хаттамалары сот отырысында жария етiледi, осыдан кейін iске қатысатын тұлғалар, олардың өкілдері түсiнiктемелер бере алады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-210/