Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
215-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзiбасқару органдарының қорытындылары
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
Осы Кодекстiң 56-бабының негiзiнде сот iске қатысуға рұқсат берілген мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жазбаша қорытындылары сот отырысында жария етіледі және зерттеледі. Сот, сондай-ақ iске қатысатын тұлғалар мен олардың өкiлдері қорытындыларды түсiндiру және толықтыру мақсатында осы органдардың уәкiлеттi өкiлдерiне сұрақтар қоя алады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-215/