Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

239-бап. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Сот өндіріп алушының арызы бойынша сот шешімімен өндіріп алынған ақшалай сомаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сот шешімі орындалған күнгi базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып, тиiстi индекстеу жүргiзе алады.
2. Сот ұйғарылған ақша сомаларын индекстеу туралы арызды сотқа арыз келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді. Іске қатысатын адамдар арыздың келіп түскені туралы дереу хабарландырылады және олардың сотқа арызға пікірін ұсынуына құқығы бар. Сот ұйғарылған ақша сомаларын индекстеу туралы арызды өз қалауы бойынша, іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған, іске қатысатын адамдардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.
3. Соттың ұйғарылған ақша сомаларын индекстеу не индекстеуден бас тарту туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-239/