Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
243-бап. Дереу орындалуға жататын шешiмдер
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
Мынадай:
1) алименттер алып беру туралы;
2) қызметкерге жалақыны, бiрақ үш айдан аспайтын жалақыны алып беру туралы;
3) жұмысқа қайта орналастыру туралы;
4) денсаулыққа зақым келуден, сондай-ақ асыраушысынан айрылуынан келтірілген зиянды, бiрақ үш айдан аспайтын зиянды өтеу туралы;
5) ереуiлдi заңсыз деп тану туралы;
7) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремистік немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, оның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы;
8) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы;
9) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу, мерзімінен бұрын аяқтау және оның мерзімін ұзарту туралы;
9-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы;
10) берешекті қайта құрылымдау туралы;
11) борышкерді банкрот деп тану туралы шешiмдер дереу орындалуға тиiс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-243/