Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

302-бап. Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге:
1) заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы;
2) бала асырап алу туралы арыздар бойынша;
3) азаматты хабарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;
4) азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы;
5) кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы;
6) кәмелетке толмағандарды девиантты мiнез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы;
7) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы;
8) азаматты туберкулезден мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы;
10) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу, мерзімінен бұрын аяқтау және оның мерзімін ұзарту туралы;
11) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сот арқылы банкроттығы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы;
12) жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы;
14) нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға берілген шағымдар бойынша;
15) жоғалған ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы (шақырту ісін жүргізу);
16) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, оның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы;
17) интернет-казиноны, шетелдік масс-медианың Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпаратты қамтитын өнімін заңсыз деп тану туралы;
18) шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыздар бойынша;
19) жоғалған сот немесе атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру туралы істер жатады.
2. Заңда ерекше іс жүргізу тәртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-302/