Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

304-бап. Ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібі

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Ерекше жүргізілетін істерді осы Кодекстің 31–49-тарауларында белгіленген ерекшеліктерімен қоса талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша соттар қарайды. Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз берушінің және мүдделі тұлғалардың қатысуымен қарайды.
2. Егер арыз берген немесе істі ерекше іс жүргізіп қарау кезінде соттың ведомстволығына құқығы туралы даудың бар екендігі туралы белгілі болса, сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, онымен тараптар мен мүдделі тұлғаларға олардың талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығы түсіндіріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-304/