Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
339-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды беру және қарау
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін алты айдан астамға ұзарту туралы арызды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым орналасқан жердегі сотқа береді.
2. Мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызға психиатр-дәрігерлер комиссиясы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шығарған мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы қорытынды қоса беріледі.
3. Мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз осы Кодекстің 337-бабында көзделген тәртіппен қаралады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-339/