Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

365-бап. Істі сот талқылауына дайындау

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

Істі сот талқылауына дайындау кезінде сот жасалған қандай нотариаттық әрекетпен немесе оны жасаудан бас тартумен арыз берушінің келіспейтінін, оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу неден көрінетінін анықтайды, осы Кодекстің 165-бабында көзделген барлық процестік әрекеттерді жасайды. Істі сот талқылауына дайындау арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-365/