Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

368-бап. Арыз беру

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Ордерлік бағалы қағазды (бұдан әрі – құжат) жоғалтқан адам заңда көрсетілген жағдайларда сотқа жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы және ол бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы арыз беруге құқылы. Тиісті түрде сақтамау салдарынан немесе басқа да себептермен құжаттың төлемдік белгілері жоғалған кезде де құжат бойынша құқықтардың қалпына келтірілуі мүмкін.
2. Жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы арыз құжатты берген тұлға орналасқан жер бойынша сотқа беріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-368/