Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

392-бап. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде баланы қайтару туралы немесе балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз беру

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде Қазақстан Республикасына заңсыз алып өткен немесе Қазақстан Республикасында күштеп ұсталып отырған баланы қайтару немесе осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды (бұдан әрі – баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз) оның қорғаншылық құқықтарын немесе қол жеткізу құқықтарын жауапкер бұзды деп пайымдаған ата-ана немесе өзге де тұлға сотқа береді не прокурор сотқа береді.
2. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа беріледі.
3. Егер баланың Қазақстан Республикасының аумағында болу орны белгісіз болса, баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз баланың Қазақстан Республикасындағы соңғы белгілі болған болу орны бойынша немесе жауапкердің Қазақстан Республикасындағы соңғы белгілі болған орны бойынша осы баптың екінші бөлігінде көзделген сотқа беріледі.
4. Баланың болу орны өзгерген жағдайда баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз осы бапта белгіленген соттылық қағидаларын сақтай отырып, арызды өзінің іс жүргізуіне қабылдаған соттың қарауына жатады.
5. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызда тиісті талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде қойылатыны көрсетілуге тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-392/