Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

416-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың отырысына прокурор қатысады, ол іс бойынша қорытынды береді. Апелляциялық сатыдағы сот прокурорға апелляциялық сатыда қаралуға жататын істер туралы хабарлайды.
2. Бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша апелляциялық сатыдағы сот істі дұрыс шешу үшін маңызы бар, тараптар ұсынған немесе олардың өтінішхаттары бойынша талап етіліп алынған қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды зерттейді, отырысқа шақырылған тұлғалардан жауап алады.
3. Егер бірінші сатыдағы сотта электрондық формат қолданылған болса, апелляциялық сатыдағы сот іс бойынша іс жүргізуді осындай форматта жүргізеді.
4. Электрондық форматты пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот қағаз форматқа көшеді, бұл туралы уәжді ұйғарым шығарылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-416/