Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
421-бап. Сот жарыссөздері
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Төрағалық етушi іс мәні бойынша қарау аяқталған соң іске қатысатын адамдардан өтінішхаттардың бар-жоғы туралы сұрайды. Сот осы өтінішхаттарды шешіп, содан соң сот жарыссөздеріне көшеді.
2. Сот жарыссөздері осы Кодекстің 217-бабында көзделген қағидалар бойынша өткізіледі, бұл ретте апелляциялық шағым берген адам немесе өтінішхат келтірген прокурор және (немесе) оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап шағым жасаған жағдайда, талап қоюшы бірінші болып сөз сөйлейді.
3. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытынды сөзiн тыңдау аяқталғаннан кейін сот қаулы шығару үшін кетеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-421/