Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

424-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Апелляциялық сатыдағы сот:
1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;
3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;
4) осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не талап қоюды қараусыз қалдыруға;
6) осы Кодекстің 427-бабының төртінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша сот шешімінің күші жойылған жағдайда, істі бірінші сатыдағы сот қағидалары бойынша мәні бойынша қарау үшін өзінің іс жүргізуіне қабылдауға;
7) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және талап қоюды, егер мұндай арыз бірінші сатыдағы сотқа берілген және сот мәні бойынша шешпеген жағдайда, осы Кодекстің 279-бабының 8) тармақшасында көзделген негіз бойынша қараусыз қалдыруға;
8) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және талап қоюды, егер талап қоюшы мұндай талап қоюды апелляциялық сатыдағы сотта қолдамаса, осы Кодекстің 279-бабының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша қараусыз қалдыруға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-424/