Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

454-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауының негіздері

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер:
1) қабылданған сот актілері адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкелуі мүмкін болса;
2) қабылданған сот актілері тұлғалардың айқындалмаған тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзса;
3) қабылданған сот актілері соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасы бойынша да, азаматтық процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша да Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылық келтіруге құқылы. Наразылықтар келтіру туралы өтінішхаттарды қарау осы Кодекстің 438, 439, 440, 441 және 442-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-454-1/