Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
457-бап. Арыз беру
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды іске қатысқан тараптар, басқа да адамдар немесе прокурор шешім, ұйғарым немесе қаулы шығарған сотқа қайта қарау үшін негіз болған мән-жайлар белгіленген күннен бастап үш ай ішінде береді.
2. Арыз келіп түскен күннен бастап – он бес жұмыс күні ішінде, ал апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттарға іс тиісті сотқа келіп түскен күннен бастап көрсетілген мерзімде қаралуға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-457/