Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

473-бап. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық процестік әрекетке қабілеттілігі

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық процестік әрекетке қабілеттілігі олардың жеке заңы бойынша айқындалады.
2. Өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құқығы шетел азаматының жеке заңы болып табылады.
3. Азаматта бірнеше шет мемлекеттің азаматтығы болған жағдайда, ол неғұрлым тығыз байланыста болатын, оның ішінде азаматтың тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңы оның жеке заңы болып есептеледі.
4. Азаматтығы жоқ адамның жеке заңы – ол тұрғылықты тұратын жері бар мемлекеттің заңы, ал олай болмаған жағдайда оның әдетте тұрып жатқан мемлекетінің заңы сол адамның жеке заңы болып есептеледі.
5. Өзінің жеке заңы бойынша процестік әрекетке қабілетті болып табылмайтын адам, егер Қазақстан Республикасының заңына сәйкес процестік әрекет қабілетіне ие болса, ол Қазақстан Республикасының аумағында әрекетке қабілеті бар деп танылуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-473/