Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
496-бап. Қазақстан Республикасы сотының шет мемлекет қатысатын даулар бойынша талап қоюды қамтамасыз ету туралы және сот актiсiн мәжбүрлеп орындату туралы мәселелердi шешуi
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Қазақстан Республикасының соты талап қоюды қамтамасыз ету және шет мемлекетке қатысты шығарылған сот актiсiн мәжбүрлеп орындату туралы мәселелердi шет мемлекетте тиiсiнше талап қоюды қамтамасыз етуге қарсы иммунитеттiң және сот актiсiн мәжбүрлеп орындатуға қарсы иммунитеттiң болуына немесе болмауына қарай шешедi.
2. Шұғыл шаралар қабылдамау сот актiсiн орындауды қиындатуы мүмкін болатын немесе, атап айтқанда, сот актiсiн орындауға жол бермеу мақсатында мүлiктi жою, бүлдiру, орнын ауыстыру ықтималдығының жоғары дәрежесiне немесе оған өзгедей билік етуге байланысты мүмкін болмайтын жағдайларда, Қазақстан Республикасының соты шет мемлекет тиiстi иммунитеттi пайдаланады деп пайымдауға өзiнде жеткiлiктi негiздер болмаған кезде – тараптың өтiнiшi бойынша талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға, ал атқарушылық іс жүргізу сатысында - шет мемлекеттің мүлкінен өндіріп алуды жүргізуге құқылы. Қазақстан Республикасының соты шет мемлекеттің мүлкіне тыйым салуға, талап қоюды қамтамасыз етуге байланысты басқа да шараларды қолдану туралы, сондай-ақ шет мемлекеттің мүлкінен өндіріп алу туралы ұйғарым шығарады, оған осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
3. Мұндай шешімді қабылдау шет мемлекетті тиiстi иммунитетінiң болуына сілтеме жасай отырып, оны даулау құқығынан айырмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-496/