Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

68-бап. Дәлелдемелерді бағалау

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Әрбір дәлелдеме оның қатыстылығы, жарамдылығы, анықтығы ескеріле отырып, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануға тиіс.
2. Осы Кодекстің 16-бабына сәйкес судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.
3. Егер бір тарап екінші тарап ұсынған дәлелдемелерге дау айтпаса және оларды мойындаса не дәлелдемелерге дау айту жауапкердің қарсылығынан немесе жауапкердің дәлелдеріне қарсы талап қоюшының қарсылығынан тікелей туындамаса, мән-жайлар анықталды деп есептеледі.
4. Екінші тарап ұсынған дәлелдемелердің бұрмалануы туралы өтінішхат мәлімделген жағдайда, осындай мәлімдеме жасаған тұлға дәлелдемелердің бұрмаланғандығы туралы куәландыратын белгілерді көрсетуге міндетті. Егер дәлелдемені ұсынған тұлға, оның бұрмалануы туралы мәлімдемені негізді деп таныса, сот дәлелдемені жарамды дәлелдемелер қатарынан шығарып тастайды және істі басқа дәлелдемелердің негізінде шешеді.
5. Мән-жайлар, егер оларды растауға құжаттардың көшірмелері ғана ұсынылса, түпнұсқасын ұсыну қажеттігі заң талаптарынан туындаса, анықталды деп есептелмейді. Егер:
1) құжаттың төлнұсқасы жоғалса және сотқа берілмесе;
2) дауласушы тараптардың әрқайсысы ұсынған осы құжаттың көшірмелері бір-біріне ұқсамаса;
3) құжат төлнұсқасының мазмұнын басқа дәлелдемелердің көмегімен анықтау мүмкін болмаса, сот сонымен қатар құжаттың көшірмесімен немесе өзге де жазбаша дәлелдемелермен ғана расталатын мән-жайларды оның мазмұнын даулаған кезде дәлелденді деп есептей алмайды.
6. Егер іс үшін маңызы бар және екінші тарап жоққа шығармаған мән-жайларды даусыз растайтын, іске қатысты жарамды және анық дәлелдемелер жиналса, дәлелдемелердің жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткілікті деп танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-68/