Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

79-бап. Іске қатысатын адамдардың түсініктемелері

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Іске қатысатын адамдардың іс үшін маңызы бар өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
2. Бір тараптың өзінің талаптарын немесе қарсылықтарын негіздейтін фактілерді екінші тараптың мойындауы алдыңғы тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Егер фактіні мойындау жазбаша арызда не электрондық құжат нысанында баяндалған болса, ол іске қоса тіркеледі.
3. Сот фактілерді мойындауды, егер олар істің шындығында болған мән-жайларын жасыру мақсатында не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылдырудың әсерінен жасалғандығына күдігі болса, оларды қабылдамайды, бұл туралы сот шешімінде көрсетіледі. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негіздерде дәлелденуге тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-79/