Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

83-бап. Үлгiлердi алу

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Судья істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында сараптамалық зерттеу үшін сараптама жасауға қажетті тірі адамның, мәйiттiң, жануардың, заттар мен материалдардың қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы. Үлгiлерге материалдардың, заттардың, шикiзаттың, дайын өнiмнiң сынамалары да жатады.
2. Үлгiлердi алу туралы уәжді ұйғарым шығарылады, онда үлгiлерді алатын адам; үлгiлер алынуға тиіс адам (ұйым); дәл қандай үлгiлер және қандай санда алынуға тиіс екендігі; одан үлгілерді алу үшін адам қашан және кімге келуге тиіс екендігі; үлгiлер алынғаннан кейін қашан және кімге берілуге тиіс екені көрсетіледі.
3. Үлгілерді, егер бұл үлгiлер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешiндiрумен байланысты болмаса және ерекше кәсiби дағдыны талап етпесе, судья өзі, ал қажет болған кезде маманның қатысуымен алуы мүмкiн. Өзге жағдайларда үлгілердi судьяның тапсырмасы бойынша маман алуы мүмкiн.
4. Үлгiлер тараптардан, сондай-ақ үшінші тұлғалардан алынуы мүмкін.
5. Маман судьяның тапсырмасы бойынша қажетті әрекеттерді жүргізеді және үлгілерді алады. Үлгілер оралады және мөрленеді, одан кейін маман жасаған ресми құжатпен бірге судьяға жіберіледі.
6. Үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылатын жағдайларда оны сарапшы жүргізуі мүмкін.
7. Yлгiлердi алу хаттамасында жүргiзiлу реттілігiмен үлгiлердi алу үшiн жасалған әрекеттер сипатталады, бұл ретте қолданылған ғылыми зерттеу және басқа да әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгiлердiң өздері, оларды орау мен сақтау шарттары жазылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-83/