О фактах нецелевого использования бюджетных средств учреждениями, финансируемыми из бюджета области в I полугодии 1996 года Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1998 жылдың 1 жартжылдығында облыстың бюджетінен қаржылындырылатын мекемеле бюджеттік қаржыны мақсаттан тыс пайдалану фактілері туралы Қаржылық бақылау комитетінің басқармасымен 1998 жылдың 6 айында, нәтижесінде 241,5 млн. Теңге сомасындағы ақшалай қаржы мен тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсау, талан-таражға салу, оның жетіспеу фактілерінің беті ашылған 630 тексеру мен тексерістер жүргізілді. Қолданылған шаралар арқасында кәнілі тұлғалардан 126,5 млн. теңгенің орны толтырылды және өндіріліп алынды. 57,2 млн. теңге колемінде салықтан жасырылған сома анықталды. Құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 68,4 млн. теңге залал келтірген 52 тексеру мен тексеріс материалдары жіберілді: жалпы сомасы 24,7 млн. теңгенің шығының келтірген 25 тексеру материалдары бойынша қылмыстық іс көтеруден бас тартылды, 17 млн. теңгенің 27 материалы бойынша ертерек көтерілген қылмыстық істер тоқтатылды, тексерістің 36 материалы бойынша залал толық қайтарылды, 12,6 млн. теңгенің шығының келтірген тексерістің 16 материалы бойынша келтірілген залал орнына түсірілмейді. 234,8 млн. теңге бюджеттік қаржы нысаналы пайдаланылмағаны анықталды, соның ішінде 118 млн. теңгенің орны толтырылды, 16,9 млн. теңгесі қаржыландыру барысында есепке алынды, соның ішінде жылдарға шаққандағы бюджеттік қаржыны мақсаттан тыс пайдалану төмендегіше сипатталады: 1996 жылы – 24,4 млн.теңге; 1997 жылы – 208,7 млн.теңге; 1998 жылдың бірінші жартыжылдығында -1,7 млн. теңге. Анықталған мақсаттан тыс бюджеттік қаржыны жұмсаудың жалпы сомасының 214,1 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелердің үлесіне келеді, аталмыш соманың 117,1 млн. теңгесі қалпына келтірілді, қаржыландыру барысында 5,3 млн. теңгесі есепке алынды. Облыстық денсаулық сақтау департаментінде 0,7 млн. теңгенің келтірілген зиян мөлшері анықталды, соның ішінде 0,1 млн. теңге бюджеттік қаржы мақсаттан тыс пайдаланылған - іс сапарлық шығындар мен жалақы төлеу үшін жұмсалған. Еңбекішілдер аудандық ауруханасында қаржыны мақсаттын тыс пайдалану 0,4 млн. теңгені құрады. Хаттамага сәйкес, "Құнарлық" АҚ мен өзара есептеме есебіне аудандық аурухана автобус сатып алған, ал смета бойынша мұндай шығын көзделмеген. Көкшетаудың қазақ музыкалық-драма театрында 0,9 млн. теңгенің зиянды шығыны анықталды, соның ішіңде 0,6 млн. теңге сомасындағы қаржы жалақы төлеуге /демалыс кезеңі үшін/ жұмсалган. М.Жүмабаев атындагы педагогикалық колледжде бюджеттік қаржыны нысанадан тыс жұмсау мөлшері 1,4 млн. теңгені құрады және мұнда ол қаржы шығындар сметасында көзделмеген екі "Газель" автомобилін сатып алуга бағытталған. Қаржылық бақылау комитетінің облыстық басқармасымен 1998 жылдың бірінші жартыжылдығында Зеренді, Целинный, Ақжар және Мамлют аудандарының бюджетті жасау жане оны орындау жұмыстарының жағдайын тексеру және оны кешенді түрде өткізу жоспарланган болатын 81 кәсіпорынның, ұйымның және бюджеттік мекемелердің жұмыстарында 59,6 млн. теңге сомасындағы жалпы залалдар анықталды, соның ішінде 8,8 млн. теңгенің негізгі қаржылары, ақшалай қаржылар мен тауарлық-материалдық құндылықтар талан-таражға салынған. Тексеру барысында 19,7 млн. теңгенің залалының орны толтырылды. Осылармен қатар 9,3 млн. теңгенің бюджеттік қаржысы мақсаттан тыс пайдаланғанының беті ашылды, соның ішінде тексеріс барысында 0,3 млн. теңге қалпына келтірілді. Аудандардың бюджетті орындауларын кешенді тексеру барысында кәсіпорындар мен ұйымдардың салық заңын бұзудың толып жатқан фактілері анықталды. Зеренді ауданында шаруашылықтардың Зейнет қорының төлемі есебіне тапсырган астық қозғалысын тексергенде оның мақсаттан тыс жұмсау фактісі орын алатындыгы белгілі болды. Мысалы, 578 тонна бидай мен /үш сыныптағы/ 2 сыныпты 175 тонна арпа "Гос продкорпарацияга" олардың векселдер бойынша қарызын өтеуге бағытталған. "Колизея" ӨКФ атына аудан шаруашылықтарының жанар-жағар май материалдарын алган берешектердің төлемі ретінде 869 тонна 3 сыныпты бидай ресімделген. Осыылайша ауданның гербицидтар алған қарыздарын төлеу үшін "Эксимбанк" есебіне 122 тонна 3 сыныпты бидай қайтадан ресімделген. Осындай заңсыз әрекеттер нәтижесінде Зейнет қорының жалпы сомасы 12,2 млн. теңгесі негізсіз жұмсалған. Целинный ауданында тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек бөлімінде шығындар сметасында қарастырылмаған жалпы сомасы 0,4 млн. теңге төлем төленген. Ақжар медициналық орталығында, осы ауданның № 6 КТМ-де лауазымдық қызметтерді қоса атқарғаны, қызмет аясын кеңейткені, орындалған жұмыс көлемін өсіргені үшін жалақыны асыра төленгені, мұғалімдердің разрядтары асыра кетерілгенінің беті ашылды. Бюджеттік мекемелерде қиянат жасау фактілерінің бетін ашу, оларды болдырмау, кінәлі тұлғалардан залалды өндіріп алу жөніндегі жұмыстар тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Жергілікті бюджеттің қаржысын мақсатқа сай және тиімді падалану жөніндегі жұмыс нашар бақыланады. Құқық қорғау органдарымен қоян-қолтық жұмыс жасалмайды. Іс жүзінде тексерілген бюджеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда негізсіз жалақы төлеу, тауарлық-материалдық құндылықтардың, негізгі қаржының жетіспеуімен, бюджеттік ассигнацияны мақсаттын тыс жұмсау, бара-бар болмайтын бартерлік операциялармен және басқа бірқатар құқық бұзушылықтармен сипатталатын көптеге қаржылық бұзушылықтар анықталғандығандығын атаған жөн. Жоғарыда аталғандардың негізінде облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудан әкімдері бюджеттік қаржыны нысаналы және тиімді пайдалануға бақылауды күшейтсін.
Тармақ 2
2. Қаржылық бақылау комитетінің басқармасы /Райымбеков С.А./, Петропавл /Ходеев П.Ф./, Көкшетау /Набитовский В.Д./ қалаларының және Зеренді /Вибе А.Н./, Целинный /Сүлейменов С.И/, Ақжар /Оверко В Г, Мамлют /Юрков М.С./, білім, денсаулық сақтау мәдениет /Лапухин В.П./ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау /Шнитко ИЕ/ департаменттері беті ашылған /бұзушылық/ тәртіп бұзушылықтарды жою, жөнінде іс-шаралар қабылдасын, кінәлі тұлғалар келтірген заладрдың орнын толтыруын және тәртіпті бұзуга кінәлі тұлғаларды жауапқа тартуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыс бойынша салық комитеті /Ашуов К.З./ облыстық барлық меншіктегі кәсіпорындары мен ұйымдарының салық заңдарын қатаң сақтаулары жөнінде нақтылы шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Iшкі істер басқармасы /Кильмашкин Н.Ф./ қаржылық бақылау басқармасы берген тексерулер мен тексеріс материалдарын қарау жөніндегі жұмысты жандандырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары И.Ф. Чиркалинге жүктелсін.