Об итогах социально-экономического развития области за I квартал 2000 года Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылдың I тоқсанында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен.
2000 жылдың I тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін қарап шығып, облыс әкімінің жанындағы алқа өткен жылдың екінші жартысында орын алған экономиканың негізгі салалары дамуындағы өндірістік тұрақтандырылу тенденциясы сақталып отырғанын атап өтті.
Өнімнің жеке көлемі өсуінің өнеркәсіптік индексі үй шаруашылығын қоса есептегенде есепті кезеңде 103,7 % құрады. Көптеген кәсіпорындар жү»есі жұмыс істеді. 5 кәсіпорын қайта ашылып, 903 жұмыс орны қалпына келтірілді. Ұн, нан, минералды су, этиль спирті, көмір қышқылы, доломит, қиыршық тас, тас көмір шығару көлемдері өсті.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі көлемі 1999 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 67 % артты. Мал шаруашылығы өнімдері өсті, мал басы мен құс саны көбейді.
Экономиканың қарқыны өсуі мен кәсіпорындардың жұмыстары жүйеленуі салық жинауды жақсартуға облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.
Салық жинаудың болжаулы жоспары 121,2% орындалды, соның ішінде республикалық бюджетке 162,9 % жергілікті - 105,9%.
Кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес жөніндегі Бағдарлама қабылданып жүзеге асырылуда. Жұмыссыздық деңгейі үстіміздегі жылдың I тоқсынында 5,3 пайызға кеміді. Жергілікті бюджеттен төленетін барлық жәрдемақы түрлері бойынша 103,8 млн. теңге төленді. Республикалық бюджеттен төленетін зейнеақы мен жәрдемақылар белгіленген мерзімде қаржыландырылуда.
Облыста бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жалақы төлеу бойынша қарыз жоқ.
Бірақ облыстың кейбір аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуында қателіктер, кемшіліктер орын алуды. 1999 жылғы I тоқсанның көрсеткіш деңгейіне Степногорск қаласы, Аршалы, Ақкөл, Целиноград аудандары жете алмады.
Ауыл шаруашылығында біраз кемшіліктер орын алып отыр; Кейбір аудандарда мал басы азайып, өнім шығару азаюда. Еліміздің астанасы мен облыс орталығында, курортты аймаққа жақын орналасқан көп аудандардың мал шаруашылықтарында жағдай қанағаттанғысыз.
Шаруашылық субъектілерінің жалақы төлеуі (2,2 млрд теңге), балалар жәрдемақысын төлеу (0.2 млрд. теңге) бойынша қарыздар сақталып отыр, салық төлемдері бойынша қарыздарды өтеу (5,6 млрд.теңге) баяу жүргізілуде.
Аталған кемшіліктерді жою, облыстың II тоқсанындағы міндеттерін жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің үстіміздегі жылдың 9 ақпаны күнгі Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде берген тапсырмаларына сәйкес, облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. Көкшетау, Степногорск қалалар мен аудандардың әкімдері:
- салық түрлері бойынша болжаулы жобаның сапалы түрде орындалуына бақылауды күшейтсін, жергілікті бюджеттерге қаржы көп түсуін қамтамасыз етсін;
- шаруашылық субъектілері жалақы қарыздарын өтеуі мен балалары бар отбасыларға жәрдемақы төлеу бойынша жоспарланған жұмыстарды жалғастырсын, жалақы төлеу және жергілікті бюджет түсімдері бойынша қарыздарды өтеу жөніндегі аудандық және қалалық комиссиялардың жұмыстарына бақылауды күшейтсін;
- тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру мен өндірісті жақсарту үшін инвесторлар тартсын;
- Кедейлік пен жүмыссыздыққа қарсы күрес жөніндегі Бағдарламаны орындау үшін қажетті шараларды қолдансын.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласының әкімі Н.Я.Денинг өнеркәсіп орындарының қанағаттанғысыз жұмысына көңіл аударсын, облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникация басқармасымен, сонымен қатар, кәсіпорындардың басшыларымен бірлесе отырып кемшіліктерді жою жөніндегі нақты іс-шаралар белгіленсін.
Тармақ 3
3. Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникация басқармасы (М.Б. Батырханов):
- тоқтап тұрган кәсіпорындарды іске қосу кестесінің міндетті түрде орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін;
- Көкшетау қаласындағы сүт өндірісі кәсіпорындары мен «Игілік» АҚ-ның күштерін тиімді пайдалану үшін шаралар қолдансын;
- үстіміздегі жылдың 15 мамырына дейін «Көкшетау» АҚ мен «Норд-бир» АҚ-нда өндірісті іске қосу мәселесін қарастырсын;
- үстіміздегі жылдың 20 мамырына дейін мүдделі жақтарды шақыра отырып, Каолин КБК-ның жұмысын осы жылы іске қосу мүмкіндіктерін қарастырсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдері мен ауыл шаруашылық басқармасы (М.Махметов):
- егін егу жұмыстары мен агротехникалық іс-шаралардың дер кезінде жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырсын;
- облыста мал шаруашылығын дамытудың нақты бағыттарын белгілесін, мал басын көбейту, мал шаруашылығы өнімдеірн шығаруды көбейту, соның ішінде Астана мен облыс орталығына курорт аймағына жақын аудандарға баса назар аудара отырып, жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын;
- ауыл шаруашылық дақылдарына зиянды шегірткелермен күрес жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;
- облыстағы ауыл шаруашылық құрылымдарының қызметкерлеріне жалақы төлеу бойынша қарыздардың өтелуіне бақылауды күшейтсін, соның ішінде 80 пайызы ақшалай төленсін;
- облыс тұрғындарынан ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алудың, конкурентті өнімдер өндірудің нақты кестелерін жүзеге асырсын, оларды өткізудің нарықтық мониторингін әзірлесін.
Тармақ 5
5. Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөніндегі агенттігіне (А.Игнатущенко) қажетті шаралар жүргізу мерзімдерін сақтау, инвесторлардың келісім бойынша міндеттері мен алған кәсіпорындардағы инвестициялық жоспарларын орындауына бақылауды күшейту ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі басқармасы (А.Әміржанов):
- шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына нақты гранттар алуға, шағын бизнесті несиелендіруді жақсартуға көмектесу үшін үнемі оқыту семинарларын өткізіп отырсын;
- облыстық бизнес-инкубатор құру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын;
- сигментацияланған шығынды кәсіпорындарда өндірісті шағын түрлерін ашу жөніндегі іс-шаралар дайындасын.
Тармақ 7
7. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (А.С.Мадияров) кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес жөніндегі Бағдарламаның орындалуына бақылауды қамтамасыз етіп, ай сайын аудандардан есеп алып отырсын.
Тармақ 8
8. Ақмола облысы бойынша салық комитетіне (А.Х.Райымбаев):
- үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін аудандардағы кадрлар проблемасын шешу;
- үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін, бюджетке салық жинауды сапалы жүргізу, болжамды көрсеткіштерді орындау мәселелері бойынша Ерейментау, Аршалы, Ақкөл аудандары мен Степногорск қаласының салық комитеттеріне әдістемелік ұсыныстар жасалсын.
Тармақ 9
9. Облыстық қаржы басқармасы (Д.Е.Савицкий) бағдарлама әкімдеріне бюджеттік қаржыны үнемдеу мақсатында сатып алуларды байқау өткізу негізінде жүргізу үшін бар мүмкіндіктерді қолданып, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы орындалуына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Облыстық экономика басқармасы (Г.Қ.Құсайынова) облыстық стратегиялық және индекативтік даму жоспарларының орындалу барысын бақылауды жүзеге асырсын, ай сайын әр аудан мен өндіріс салаларын бөлек көрсетіп облыстың даму қорытындысын тапсырып отырсын.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау өз жұмыстарының бағыттарына сәйкес облыс әкімінің орынбасарларына жүктелсін.