Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы N 180 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы N 180 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
«Бюджет жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi № 357-1 Заңына, «Бюджеттiк бағдарламаның паспортын жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1743 қаулысына және «2001 жылғы 21 желтоқсандағы облыс мәслихатының тоғызыншы сессиясында қабылданған «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешiмiне өзгерту мен толықтырулар енгiзу туралы» облыс мәслихатының 2002 жылғы 12 маусымдағы кезектен тыс ХII сессиясының шешiмiне сәйкес облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмиятының 2002 жылға 11 наурыздағы № 180 «Бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту мәселесi бойынша облыс әкiмиятының кейбiр қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» қаулысының 1 тармағы 10 тармақшасында мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
«10044 мың теңге (он миллион қырық төрт мың теңге)» деген сан «12394000 (он екi миллион үш жүз тоқсан төрт мың) теңге» деген санға ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Н. Ерiмбетовке жүктелсiн.