Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 «Бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту мәселесi бойынша облыс әкiмиятының кейбiр қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 «Бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту мәселесi бойынша облыс әкiмиятының кейбiр қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаның паспортын жасау ережесін бекіту туралы» № 1743 қаулысына сәйкес және облыс мәслихатының 2002 жылғы 20 наурыздағы X сессиясының «2001 жылғы 21 желтоқсандағы облыс мәслихатының тоғызыншы сессиясында қабылданған «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 «Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту мәселесі бойынша облыс әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына келесі толыктырулар енгізілсін:
Осы қаулының 1 тармағындағы «№ 1-4 қосымшаға» деген сөздер «№ 1-5 қосымшаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
№ 5 қосымшамен толыктырылсын (қоса беріліп отыр)
Басқа 1. ПАСПОРТ
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 29 наурыздағы
№ 201 қаулысымен бекітілген
№ 5 қосымша
Облыстык энергетика, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
ПАСПОРТ
Елді мекендердегі жол қозғалысын реттеу құралдарын және жабдықтарды пайдалану 2002 жылға
Тармақ 1
1. Құны 7311000 (жеті маллион үш жүз он бір мың) теңге.
Тармақ 2
2. Бюджет бағдарламасының нормативтік-құқықтық негізі
Облыс мәслихатының 2002 жылғы 20 наурыздағы X сессиясының «2001 жылғы 21 желтоқсандағы облыс мәслихатының IX сессиясында қабылданған «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»шешімі.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі облыстық бюджет.
Тармақ 4
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тармақ 5
5. Бюджет бағдарламасының бағыт-бағдары
Жол козғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстарды уакытылы қаржымен қамтамасыз ету
Тармақ 6
6. Бюджет бағдарламасын жүзеге асырудағы іс-шаралар
№
Бағдарлама коды
Кіші бағдарлама коды
Бағдарлама (кіші бағдарлама) мазмұны
Бағдарламаны (кіші бағдарлама) іс-шараларын жүзеге асыру
Жүзеге асыру мерзімі
Жауапты орындаушы
1
44
00
Жол қозғалысын реттеу құралдарын және жабдықгарды пайдалану
Жол қозғалысы қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз ету мақсатында мердігерлік жұмыстарды атқару
2002 жыл көлемінде
Облыстық энергегика, құрылыс және тұрғын-үй коммун. басқармасы
Тармақ 7
7. Бюджет бағдарламаларын орындалуынан күтілетін нәтижелер
Жол қозғалысын ұйымдастыруда техникалық құралдарды құру, пайдалану және іске қосу жұмыстарын сапалы орындау