Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi «Бюджет жүйесi туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1743 «Бюджеттiк бағдарламаларының паспортын жасау ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес және облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 наурыздағы Х сессиясының «Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» IX сессиясының шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» шешiмiнiң негiзiнде облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 «Бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту мәселесi бойынша облыс әкiмиятының кейбiр қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» қаулысына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 14 тармақшада: бірінші абзацта «1-16 қосымшадағы» деген сөздер «1-17 қосымшаларға» деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзацтың 4 тармағында «18253 мың теңге (он сегiз миллион екi жүз елу үш мың)» деген сөздер деген сөздер «19096000 (он тоғыз миллион тоқсан алты мың) теңге» деген сөздермен ауыстырылсын; № 17 қосымшамен толықтырылсын (қоса беріліп отыр); 2-қосымшаларда: № 6 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» паспортында «140584000 (жүз қырық миллион бес жүз сексен төрт мың) теңге» деген сөздер «139741000 (жүз отыз тоғыз миллион жеті жүз қырық бір мың) теңге» деген сөздермен ауыстырылсын; № 10 «Жергілікті деңгейде әйелдердің жағдайын жақсарту жөнінде шаралардың ұлттық жоспарын жүзеге асыру» паспортында «4343000 (төрт миллион үш жүз қырық үш мың) теңге» деген сөздермен ауыстырылсын. № 11 «Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін күрделі жөндеу» паспортында «9500000 тоғыз миллион бес жүз мың теңге» деген сөздер «8500000 сегіз миллион бес жүз мың теңге» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.
Басқа 3
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 28 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген № 17 қосымша Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2002 жылға арналған медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының Бюджеттік бағдарламаның атауы ПАСПОРТЫ 1. Құны - 534000 теңге (Бес жүз отыз төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 1668 санды қаулысы, облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 наурыздағы Х сессиясының «Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» IХ сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері - облыстық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заңының 26 бабы 2 тармағына сәйкес медициналық әлеуметтік сараптау комиссиясының қызметкерлеріне өтемақы төлеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері - өтемақы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: Р/с Бағдарламаның коды Кіші бағдарлама коды Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы Бағдарламаны (кіші бағдарламаны іске асыру) жөніндегі іс-шаралар Іске асыру мерзімі Жауапты орындаушы 1 2 3 4 5 6 7 33 30 Медициналық әлеуметтік сараптау комиссиясы қызметкерлерімен есеп-айырысу Үкіметтің 2001 жылғы әлеуметтік 21 желтоқсандағы 1668 сараптау санды Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік кейбір мәселелері» Қаулысына сәйкес қаржыландырудың республикалық бюджетке өтуіне байланысты қысқаруға жататын тұлғаларға ақшалай өтемақы төлеу 2002 жылдың 1 сәуіріне дейін Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы қызметкерлерімен толық есеп айырысу.