Әдiлет органдарында 2004 жылғы 31 тамыздағы 1733 нөмiрмен тiркелген облыс Әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 4 тамыздағы "Облыстық бастауыш және орта кәсіптік бiлiм беру оқу орындарына оқушылар қабылдау жоспарын бекіту туралы" N 128 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әдiлет органдарында 2004 жылғы 31 тамыздағы 1733 нөмiрмен тiркелген облыс Әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 4 тамыздағы "Облыстық бастауыш және орта кәсіптік бiлiм беру оқу орындарына оқушылар қабылдау жоспарын бекіту туралы" N 128 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының "Нормативтiк-құқықтық актiлері туралы"  Заңына  сәйкес, сондай-ақ жекелеген кәсiптiк мектептер мен колледждердiң оқу топтарының оқушылармен толық қамтамасыз етiлмегенiне байланысты, облыс әкімдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Әдiлет органдарында 2004 жылғы 31 тамыздағы 1733 нөмiрмен тiркелген облыс Әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 4 тамыздағы Облыстық бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiне оқушылар қабылдау жоспарын бекiту туралы»N№128  қаулысына  төмендегiдей өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: N 1. қосымшадағы: "Талғар қаласындағы N 4 КМ" бөлiмi мына мазмұндағы 6 жолмен толықтырылсын: "2916001 "Электрмен, газбен дәнекерлеушi, "ВС" санатындағы автомобиль жүргiзушiсi" - 25"; "Райымбек ауданы Сарыжаз ауылындағы N 8 КМ" бөлiмiнiң  "2916001 "Электрмен, газбен дәнекерлеушi, "ВС" санатындағы автомобиль  жүргiзушiсi"" деп келетiн 2 жолдағы 50 саны 25 санына алмастырылсын. N 2. Қосымшадағы "Талдықорған музыкалық колледжi" бөлiмiнiң "0604002 "Аспаптарда орындаушылық"" 1 жолындағы 15 саны 17 санына, "0607002 "Хорға дирижерлiк ету"" 3 жолындағы 4 саны 6 санына,  "0610002 "Музыкалық эстрада өнерi"" 4 жолындағы 5 саны 1 санына алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Облыс Әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 24 қыркүйектегi N 142 қаулысы күшiн жойсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң кеңесшiсi С.Мұқановқа жүктелсін.