Об итогах социально-экономического развития области за I полугодие 2004 года и задачах на II полугодие 2004 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың 2004 жылғы I жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2004 жылдың II жарты жылдығына арналған міндеттер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауының қағидаларын және облыстық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 25 маусымдағы №85 шешімімен бекітілген облыс әкімінің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық экономика басқармасының бастығы Б. Шәменованың «Облыстың 2004 жылғы I жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2004 жылдың II жарты жылдығына арналған міндеттер туралы» хабарламасы назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық басқармалар:
Тармақша 1
1) Облыс әкімиятының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 68 қаулысымен бекітілген Қызылорда облысының Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының аймақтық бағдарламаларын ісқе асыруды уақытылы қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) ауылдық аумақтардың дамуының мониторингін уақытылы жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасының, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің облыстың индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі жеткіліксіз жұмысы атап өтілсін.
Тармақ 4
4. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі қанағаттанғысыз жұмысы атап өтілсін.
Тармақ 5
5. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Ұ. Оралбай), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері ағымдағы жылдың егінін жинауға уақытылы және сапалы дайындықпен өткізу жөнінде пәрменді шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Облыстық сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы (К. Нұрекешов) аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерімен бірлесіп 2004-2005 жылдардың жылу маусымына дайындықпен өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы (Г. Қайнарбеков) аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерімен бірлесіп бір ай мерзімде облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 26 наурыздағы №59 шешімімен бекітілген облыстың индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын облыс әкімиятының қарауына енгізсін.
Тармақ 8
8. Облыстық сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы (К. Нүрекешов) мүдделі облыстық басқармалармен бірлесіп бір ай мерзімде облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы №149 шешімімен бекітілген 2003-2010 жылдарға арналған «Таза су» аймақтық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын облыс әкімиятының қарауына енгізсін.
Тармақ 9
9. Облыстық экономика басқармасы (Б. Шәменова) мүдделі облыстық басқармалармен бірлесіп ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін облыстың инвестициялық жобаларының презентациясы жөніндегі қажетті материалдарды дайындасын.
Тармақ 10
10. Облыстық экономика басқармасы (Б. Шәменова) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп 2005 жылға арналған басымдық инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастырсын және облыстық бюджет комиссиясының қарауына енгізсін.
Тармақ 11
11. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мақсатты трансферттерді пайдалануға айрықша назар аударып, бюджет қаражаттарын уақытылы және мақсатты игеруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. Облыстық басқармалар, аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері осы қаулының орындалуы туралы облыс әкімиятына 2005 жылғы 10 қаңтарда ақпарат берсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары К. Ыдырысовқа жүктелсін.