Об утверждении размеров поощрений за высокие результаты членов национальных сборных команд Республики Казахстан на I Юношеских Олимпийских играх 2010 года в Сингапуре (Сингапур) Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін Сингапурдағы (Сингапур) 2010 жылғы I Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарындағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін Сингапурдағы (Сингапур) 2010 жылғы I Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарындағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеудің мынадай мөлшері бекітілсін:
Тармақша 1
1) спортшылар үшін:
алтын медаль үшін - 10000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде;
күміс медаль үшін - 5000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде;
қола медаль үшін - 3000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде;
Тармақша 2
2) жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылардың дайындығын қамтамасыз еткен жаттықтырушылар үшін:
алтын медаль үшін - 5000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде;
күміс медаль үшін - 3000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде;
қола медаль үшін - 2000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.