Об утверждении Правил возмещения затрат закрытого акционерного общества "Национальная компания "Казакстан темiр жолы" по воинским перевозкам Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар жөнiндегi шығындарын өтеу ережесiн бекiту туралы
"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңын және "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар жөнiндегi шығындарын өтеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар жөнiндегi шығындарын өтеу ережесi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 20 наурыздағы
N 278 қаулысымен
бекiтiлген
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар жөнiндегi шығындарын өтеу ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар жөнiндегi шығындарын өтеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) ол Ресей Федерациясының шекара әскерлерiн транзиттiк тасымалдауды жүзеге асырған кезде шеккен шығындарын өтеу тәртiбiн (бұдан әрi - кредиторлық берешектi өтеу) регламенттейдi.
Қоғам алдындағы кредиторлық берешектi өтеу тиiстi қаржы жылына арналған 006 "Өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" республикалық бюджеттiк бағдарламасының паспортына (бұдан әрi - паспорт) сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Кредиторлық берешектi өтеу үшiн құжаттарды дайындау және ұсыну
2. Кредиторлық берешектi өтеу үшiн құжаттарды дайындау және ұсыну
Тармақ 2
2. Қоғам 2003 жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне (бұдан әрi - бағдарламаның әкiмшiсi) 3 данада нотариалды түрде куәландырылған:
Тармақша 1
1) осы Ереженiң 1-тармағына сәйкес Қоғамның дебиторлық берешегiн ашып жазып, есептi қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң және айналымдағы теңгерiмнiң көшiрмесiн;
Тармақша 2
2) Қоғамның мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау комитетiнiң Ресей Федерациясының шекара әскерлерi үшiн транзиттiк тасымалдарды жүзеге асыру жөнiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК (Қоғам) көрсеткен қызметтердiң құнын және паспортқа сәйкес өтеуге жататын, бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тасымалдар үшiн сомалардың дұрыс көрсетiлуiн тексеру актiсiнiң көшiрмесiн;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Ресей Федерациясы шекара әскерлерiнiң транзитiн растайтын "Қазақстан темiр жолы" РМК (Қоғам) мен Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң арасындағы салыстыру актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
Тарау 3. 3. Кредиторлық берешектi өтеу бойынша есеп айырысуды жүргiзудiң тәртiбi
3. Кредиторлық берешектi өтеу бойынша есеп айырысуды жүргiзудiң тәртiбi
Тармақ 3
3. Бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттарды Қоғамның толық тапсыруына тексеру жүргiзедi және Ережеге қосымшаға сәйкес нысанда кредиторлық берешектiң тiзiлiмiн жасайды.
Тармақ 4
4. Бағдарламаның әкiмшiсi кредиторлық берешектің тiзiлiмi негiзiнде Қоғам алдындағы кредиторлық берешектi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда 006 "Өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде өтейдi.
Бағдарламаның әкiмшiсi Қоғамның есеп айырысу шотына қаражатты аудару үшiн қазынашылықтың аумақтық органына осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттар қоса берiлген кредиторлық берешектiң тiзiлiмiн ұсынады.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Есепке алу және есептiлiк
4. Есепке алу және есептiлiк
Тармақ 5
5. Қоғамның бухгалтерлiк есебiнде кредиторлық берешектi өтеу Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп туралы заңнамасына сәйкес көрсетiледi.
Тарау 5. 5. Дауларды қарау тәртiбi
5. Дауларды қарау тәртiбi
Тармақ 6
6. Кредиторлық берешектi өтеу процесiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен қаралады.
Тарау 6. 6. Бақылауды қамтамасыз ету
6. Бақылауды қамтамасыз ету
Тармақ 7
7. Бағдарламаның әкiмшiсi Қоғамның есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты есепке алу жөнiндегi аударым операцияларының жүргiзiлуiн бақылауды қамтамасыз етедi.
Басқа 0. Кредиторлық берешектің ТІЗІЛІМІ
Ережеге қосымша
________________________________
сомасындағы тізілімді бекітемін
________________________________
(қолы) Мемлекеттік органның-
бағдарлама әкімшісінің бірінші
басшысы
2003 жылғы "_____"___________
Кредиторлық берешектің ТІЗІЛІМІ
2003 жылғы _______"____"
________________________________________________________________
Р/с Ұйымның атауы Орналасқан жері Кредиттік
N берешектің
сомасы (теңге)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Барлығы:
________________________________________________________________
Осы тізілімге қоса беріліп отыр:
1. ______________________________
2. ______________________________
3. ______________________________
"Қазақстан темір жолы" Бағдарламаның әкімшісі
ұлттық компаниясы" ЖАҚ
_________________________ __________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.)
_________________________ __________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.) (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)
М.О. М.О.